DataLife Engine / Қазақша балалар өлеңі: Жас ұландар маршы

Қазақша балалар өлеңі: Жас ұландар маршы

Сөзі Б.Тәжібаевтікі
Әні И.Нүсіпбаевтікі

Біз – бейбіт ел ұланы,
Өнер, білім ұраны.
Алдымыздан жақсы арман,
Күлім қағып тұрады.

Қайырмасы:
Біз – батыр ел жастары,
Бақыт алға бастады. (2 рет)

Тербетіліп алтын дән,
Теңіздейін толқыған.
Даламызда тасқындап,
Еңбек күйі шалқыған.

Қайырмасы.
Күш-қайратын қаулаған,
Келешекке арнаған.
Алтын айдын төріне
Көгілдір ту қадаған.

Қайырмасы:
Біз – батыр ел жастары,
Бақыт алға бастады. (2 рет)
04.12.2015
Вернуться назад