DataLife Engine / Исмағұлов Сабыржан (Доллардан бас тартатын шақ келді ғой)

Исмағұлов Сабыржан (Доллардан бас тартатын шақ келді ғой)

Доллары бар адамға бақ берді ғой.
Бұл жылға бір дағдарыс тап келді ғой.
Тағынан түсе қоймас доллар енді,
Көп елге қымбатшылық ап келді ғой.
Қысылып жүрген кезде халық қазыр,
Дағдарыс алқымынан шап берді ғой.
Бір ауыз сөз айтайын билікке мен,
Айтылмай ішімізде қап келді ғой,
Құрдымға кетіп бара жатыр елім,
Доллардан бас тартатын шақ келді ғой.
13.12.2015
Вернуться назад