DataLife Engine / Ерлан Сәдуақасұлы (Дүниеде ең қымбат...)

Ерлан Сәдуақасұлы (Дүниеде ең қымбат...)

Адамдықпен иман, намыс, ар қымбат!
Құдай қосқан ар ибалы жар қымбат!
Нәпсіқұмар дүниеқуған пендеге,
Құлқынменен ақша, байлық, мал қымбат!
Текті болып, дара туған жігітке
Отанымен туған – туыс, ел қымбат!
Жұбайымен баласының қамы үшін,
Еңбектенгіш қамқор болған ер қымбат!
Бабаларым сақтап қалған осынау,
Ұлан байтақ біздер өскен жер қымбат!
Аққу, қазбен, шағаламен үйрекке,
Айдын шалқар өзенімен көл қымбат!
Ел мерейі өссе, шіркін, қарқындап!
Халық үшін бәрінен де сол қымбат!
Болар қымбат дүниенің сол сәті,
Жанды алғанда Әзірейіл алқымдап!
Хақ парызын адамдықпен өтесең,
Бәрінен де осы болар ең қымбат!
15.11.2015
Вернуться назад