DataLife Engine / Айбек Бестенқұлов (Ақылсыздың ақылы)

Айбек Бестенқұлов (Ақылсыздың ақылы)

Осы тұлға емеспін,осы батыр.
Қиялиды жинаған қосына кіл.
Өзіме ақыл жетпей жүрген кезде.
Айтатын болып жүрмін досыма ақыл.

Арманыңды жүрсің ғой қызбен қамдап.
Ол да сені алған-ау мұзбен қармап.
Ине жіп еркектердің жұмысы емес.
Үмітті неғыласың үзген жалғап.

Махаббатты мансұқтап сіз алғашқы.
Күйде жүрсің бұл күнде бұзар басты.
Сенің жалғыз сүйгенің періште де,
Сонда не боп қалдық па біз албасты.

Беті маржан сөзімнің астар тұнба.
Сен неге мән бермейсің басқа алтынға.
Ұсақталма,тас деген тау басынан.
Құлағанмен қалады тас қалпында.

Өзің жынды демегін,сөзің бүлік.
Адаспашы бауырым өзің біліп.
Көзің ашық,көкірегің соқыр боп тұр,
Кеудеңе тағып алшы көзілдірік.

Батыстың баласы едің заты ұстара.
Тыныштал,шайқаспа да,атыспа да.
Күн батады дегенмен сендер жақта.
Таң атарын білесің батыста да.
03.11.2015
Вернуться назад