DataLife Engine / Айбек Бестенқұлов (Екі қыз)

Айбек Бестенқұлов (Екі қыз)

Мені жақсы көретін екі қыз бар,
Сүю үшін жаралған бетіміз дәл.
Сол екеуін ойласам жүрек толқып,
Тоңдырғандай болады шетін ызғар.

Бірі мені сүйеді бірі ғашық,
Сөйлеседі менімен күліп ашық.
Сондықтан да күрсінем еңсемізді
Екі ойлы дүниенің сыры басып

Соны ойласам соғады бетке дауыл
Біреуіне арнағам өкпе-бауыр
Аласұрған сезімдер анықталмай
Алдыға қадам басу неткен ауыр

Бір тоқалсыз болмайды-ау бір бәйбіше
Шын бақыт ше дегендей шын қайғы ше?
Екі бет қызарып жүр осы күнде
Күн астында қызарған құмдай пісе

Сөзі қымыз, жан едім тілі шұбат
Бірі бағым шығар-ау бірі сынақ
Әйел деген базардың заты емес қой
Біреуі бұйырса екен дұрысырақ.
03.11.2015
Вернуться назад