DataLife Engine / Айбек Бестенқұлов (Сен кеткелі)

Айбек Бестенқұлов (Сен кеткелі)

Түрім де бұзылғандай сен кеткелі
Еш кетіп сезімімнің еңбектері
Аспан өзі күрсініп тұрғанменен
Жұбатуға тырысты жер-көк мені
Қиын болып кетті ғой сен кеткелі

Ісімнің де түк емес кері кеткені
Қинайды өкініштің тербеткені
Шырылдауын қоймады ау жаным менің
Сәби сезім секілді жөргектегі
Қиын болып кетті ғой сен кеткелі

Мұңменен қапталғандай көл беттері
Болыппын сезімсіздің ермектері
Мені алысқа әкетіп бара жатыр
Жалғыздықтың жасаулы жендеттері
Қиын болып кетті ғой сен кеткелі....
03.11.2015
Вернуться назад