DataLife Engine / Айбек Бестенқұлов (Жігіттерге...)

Айбек Бестенқұлов (Жігіттерге...)

Сөзiм жоқ "ұрып-жықтым, тептiм" дейтiн,
Ұқсамас бұзақыға кескiн-кейпiм.
Мен ойлаймын көшенiң тәртiбi емес,
"Адамдықтың заңы" деп ескiрмейтiн.
Танымайды десекте күш атасын,
Танымыңның өрiсiн тұсатасың.
Бiреудiң қол-аяғын сындырған күн,
Өзiңнiң болмысыңды ұсатасың.
Жұдырық сiлтемеппiн көзден дәлдеп,
Ешкiмдi алдамаппын сөзбен дәмдеп.
Ешкiмнiң ала жiбiн аттамасаң,
Сенi өзi табады кезген дәулет.
Күш көрсетiп қызды да қаратар ма?!
Сен өйтсең жете алмайсың дара таңға.
Мен тiлеймiн жұмылған жұдырықтар,
Айналсын аялайтын алақанға.
Сөзiмдi аяқтайын күлiп менде,
Алынбайтын қамалмыз бiрiккенде.
Тоқсан ауыз сөзiмнiң түйiнi сол,
Жақсылық жарасады жiгiттерге!
04.11.2015
Вернуться назад