DataLife Engine / Сағыныш Намазшамова (Айғайқұм)

Сағыныш Намазшамова (Айғайқұм)

Шарпып өткенде таныс бір жалын
Шақырдың бізді, Айғайқұм.
Шыңыңа апарып табыстырғаның
Шимайы шығар маңдайдың.
Алға ұмтыламыз, алаңдамаймыз,
Ажырамастан қолымыз.
Артымызда әне, айғыз да айғыз
Айғайлап жатыр жолымыз.
Сеземіз іштей, жүректер жақын,
Жол алыс (мейлі, дұрыс-ақ).
Бірінің бірі ту еткен атын
Ұмытылмайтын ұлы шақ.
Төбеге жеттік сыңар үнді ойлап,
Қуанып құм да салды әнін.
Сол ғана тұрды құлағымда ойнап
Естіген жоқпын қалғанын.
Қатуланбай-ақ Қатудың тауы
Күлімдеп бізді қарсы алған.
Құм емес, сөйтсем ақылдың шамы -
Жүрегім екен ән салған.
11.11.2015
Вернуться назад