DataLife Engine / Назгүл Бердіқожа (Ұлтымның тілі ұрандай!)

Назгүл Бердіқожа (Ұлтымның тілі ұрандай!)

Өзгеге байлап өзімді
Өрісте жағам жыртылды
Күмілжіп айтып сөзімді
Қызыл да тілім қырқылды.
Қағынан безген құландай
Жайрадық қанша жұтап кеп....
Қазақтың тілі – құрандай
Көктен бір түскен кітап боп
Бүр жарып балғын бұтағым
Қосамын тілек-тілекке.
Киелі киіз кітабым.
Күйдіріп басам жүрекке.
Оралып келсең өткенді
Өнеге сөзді талдайсың
Тіліңмен байлап кеткенді
Тісіңмен шеше алмайсың
Ақынмын менде ... топқа сал
Бұқардай бұрқап жырлайтын
Анамның тілін жоқтасам
Абылай бар ма тыңдайтын!
04.11.2015
Вернуться назад