DataLife Engine / Назгүл Бердіқожа (Сіз)

Назгүл Бердіқожа (Сіз)

Сіз мені баурадыңыз!
Түстікке қатар ұшқан қоңыр қаздай.
Жүректі жауладыңыз!
Жаудан беті қайтпайтын жеңімпаздай
Шалғынында көңілдің аунадыңыз,
Жанымды жүдетпей кеп...
Сонан соң...жаурадыңыз
Мұзға төсін төсеген үлектей боп
Есте жоқ бағзы көктем, баяғы күз,
Жас тұтып көзіңізді...
Сіз мені аядыңыз!
Сонан соң, өзіңізді.
Біз деген бір Алланың қалауымыз,
Сол сезім жапырақ боп өлді күзде,
Басыңнан бұлбұл ұшқан баяныңыз
Бұрылып қарамайды енді Сізге...
04.11.2015
Вернуться назад