DataLife Engine / Жанкелді Немеребай (Киелі есім түсіме жиі енесің...)

Жанкелді Немеребай (Киелі есім түсіме жиі енесің...)

Анажан, өмірімнің желкені едің,
Сен жоқсың. Енді кімге еркеледім?
Бүгінгі қызығымды көрсетпеген,
Ой, өмір-ай, неғылған келтелі едің.
Шынында өмір неткен келтелі едің,
Анамды асықтырдың, ентеледің.
Бір күнде балалықты артқа тастап,
Жас күнімді есейттің ерте менің.
Есейгені не керек ес білемін,
Қайғы-мұң жүрегімді кесті менің.
Жүргенде алдан күтіп бақыт таңын,
Кім білген қаралы бір кеш кірерін.
Атыңнан айналайын киелі есім,
Киелі есім түсіме жиі енесің.
Тірлікте асқақтаған әуенім ең,
Естілмей кеткен бүгін күй-елесім.
Әлде бір жақпай жүр ме жат қылығым,
(Ерсілеу естілді ме шаттық үнім).
Әйтеуір түсімде ылғи мұңаясың,
Өрулі келбетіңде ақ бұрымың.
03.11.2015
Вернуться назад