DataLife Engine / Ана

Ана

Күн жадырап көктем кезі болатын,
Құстар сайрап көбелек гүлге қонатын.
Соқпақ жолмен келе жатқан сәбимен,
Анасы еді,кіші ауылда тұратын.

44 жыл. Дүрбелең соғыс кезі.
Немістер кіші ауылға тап береді.
Жалмауыз қанішерлер бәрін қырып,
Ананың сәбиін де өлтіреді.

Сол күні көк дауылдай жел тұрады,
Кіші ауыл тұрғындары қырылады.
Кейбір жандар тірі қалды, ана болса,
Жалғыз ғана перзентінен айырылады.

Содан бастап боран ұлып, күн шықпайды,
Ешкімнен кек алам деген үн шықпайды.
Күн шықпай, жайқалмай ағаштарда,
Содан бастап жеміс те, гүл шықпайды.

Бейбіт елмен фашистер соғысуда,
Кек алам деп келеді байғұс ана
«Перзентімді өлтірген жалмауыздар,
Қалай ғана әлі де жер басуда.»

Деді де ана жауға бірден аттанды,
Сәибінсіз өткізген талай ақ таңды,
Есіне алып, көзінен бір тамшы жас,
Сәбиінің жылуындай қолына от тамды.

Сол бір кезде ананың жүрегіне,
Оқ тиді, білмеді
Жыларын ба, күлерін бе?
Сәбиімнің жанына барам деп ол,
Өмірден бір сөт үзді күдерінде.

Сол соғыстан жеңдік біздер немісті,
Ата, әке, ағамыз жан берісті.
Көп күшпенен жеңіске жеттік, сондықтан,
Әрбір жылда тойлаймыз біз жеңісті.

Автор: Saltanat Maratkyzy, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы
01.11.2015
Вернуться назад