DataLife Engine / Олжас Отар (Үшқоңырдан қыран боп ұшқан ұлан!)

Олжас Отар (Үшқоңырдан қыран боп ұшқан ұлан!)

Ойына ақыл, бойына күш дарыған,
Тектілігін аңғартып ұстамынан.
Туған ұлтын жинады ту астына,
Үшқоңырдан қыран боп ұшқан ұлан.

Абылайдың жеткізіп арманына,
Куә қылып бақыттың таңдарына.
Даласынан Арқаның Астана сап,
Ел қондырды Есілдің аңғарына.

Заты лайық өзінің есіміне,
Халық ырза айтқан әр шешіміне.
Енді міне тәуелсіз Қазақстан,
Берекенің айналды бесігіне.

Көшіп бүгін көңілден шертілер мұң,
Көз алмайды даламның көркінен Күн.
Жасай берсін жайнатқан Отанымды,
Тұңғыш президенті еркін елдің!
30.11.2015
Вернуться назад