DataLife Engine / Олжас Отар (Сен жайлы)

Олжас Отар (Сен жайлы)

Әні: Бауыржан Есебаев
Орындайтын: "Жалын" тобы

Сары күз болды сағыныш,
Жүрекке жүгін артып.
Келемін деген хатыңнан,
Келмейтін шының артық.
Өзгелер сыйлар бақыттан,
Өзіңнің мұңың артық.
Өзгенің балын татқаннан,
Өзіңнің уың артық.

Қайырмасы:
Сыйламай жүрмейсің бе?
Ойларды ауыр, ауыр.
Жүректі көрмейсің бе?
Сұрайды жаныма нұр.
Қолыңмен аршы келіп,
Бұлттарды қара бауыр.
Сыйламай жүрмейсің бе,
Ойларды ауыр, ауыр.

Тауыстың мендік төзімді,
Қалмады бойда қаным.
Жүрекке кейде өкпем көп,
Жасайды ойлағанын.
Келместей алыс кетейін,
Шығайын шалғайыңнан.
Оқып бер сенсіз жазылған,
Жазуды маңдайымнан.
14.11.2015
Вернуться назад