DataLife Engine / Олжас Отар (Жылдар мен жолдар)

Олжас Отар (Жылдар мен жолдар)

1. Тағатымның ұрлатып кеудемнен гүлін.
Ынтық болғам өзіңе көргеннен, күнім.
Тұнып жатқан мөп-мөлдір сезімім менің,
Теңіздерде телегей, дауыл соққан кемедей,
Сергелдең бүгін.

Қайырмасы

Көреді көздер,
Сөгеді сөздер,
Жүре алмаймыз ғашық әнін айтып екеуміз.
Жалғыздан жалғыз,
Жабыққан жанбыз,
Бір бола алмай өтерміз бе,
Қайтер екенбіз?

Үміт арманым,
Ұмыта алмадым.
Бақытымның ақ таңындай мөлдіреуші едің.
Қалсам да жырақ,
Арман болып бірақ,
Жүрегіңді өмір сүрем енді мен сенің.

2. Бір ғажайып шуаққа тұнғанмен жандар.
Бірін-бірі жылытып тұрғанмен қолдар.
Бұл өмірге сен ерте мен кештеу келіп,
Бөліп жатыр араны, бөліп жатыр араны
Жылдар мен жолдар.

Қайырмасы

3. Жүректегі үрлеген отымды менің.
Бақытымның бастауы секілдім едің.
Ойда-жоқта оянған сезімдер бізді,
Білмеппіз-ау осылай, білмеппіз-ау осылай өкіндірерін.

Қайырмасы

4. Қалап сені көңілім ұнатқан еді.
Жарқын үміт жанымды жұбатқан еді.
Шыдап бағып тағдырға, шын сүйсең егер,
Шығарып ап биіктен, шығарып ап биіктен құлатпа мені.

Қайырмасы
14.11.2015
Вернуться назад