DataLife Engine / Олжас Отар (Қазақтың арулары!)

Олжас Отар (Қазақтың арулары!)

Ханшадай ертедегі,
Шетінен көркем еді.
Жанымды өртеп еді,
Қазақтың арулары -
Даламның еркелері!
Қазақтың арулары.

Күтетін алдан бағы,
Тектілік - талғамдары.
Талайдың армандары -
Қазақтың аруларын
Ұнатып қалғам тағы!
Қазақтың аруларын.

Ұнатпау қиын екен,
Пəктігі биік екен.
Сезімі құйын екен,
Қазақтың аруларын.
Мəңгілік сүйіп өтем.
Қазақтың аруларын!

Шолпандай жұлдыздары,
Адалдық - шың, құздары.
Жайнаған құндыз бағы,
Қазақтың арулары,
Жұмақтың үр қыздары.
Қазақтың арулары!
14.11.2015
Вернуться назад