DataLife Engine / Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Мерей)

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Мерей)

Ауылым, болушы еді күнде боран,
Өзгеріп кетті қазір мүлде балаң.
Қаздардың қаңқылынан қаймақ жалап,
Түнде сәл Ай сәулесін тыңдап алам.

Мендегі сөз – құлынды, көз – боталы,
Бұл дәурен қайталанса жазда тағы!..
Мамырдың майын бұлттар бүркіп өтіп,
Топырақ жапырағын маздатады.

Бір білсе жер қадірін, тау қадірін,
Білер ме жусан емген марқа түлік...
Қыз – көктем көл басына асығады,
Бұрымы бұлт ішінде тарқатылып.

«Сезімнің сынықтарын құрсар күйді
сен маған осы қазір қисаң қидың!»-
деп, түнгі құрбым отыр, омырауынан
бүр жарған жұлдыздардың иісі аңқиды...
03.11.2015
Вернуться назад