DataLife Engine / Жандарбек Жұман (Дін хақында + видео)

Жандарбек Жұман (Дін хақында + видео)

Раббысына алақан жайыпты құл,
Біздің ғұмыр-алдамшы,ғайып ғұмыр!
...Қысылған кезде ғана дінді іздетпей,
Мұсылман деген атқа лайықты қыл!

Адастырма адымды нақ басарда,
Жылтыраған қу тірлік жақты "осалға".
...Берекенің барлығы-құлшылықта,
Берекесіз қалудан сақташы,Алла!

Жауап таптым Құраннан сұрақтарға,
Оның іші толып тұр дүр ақпарға.
...Таудан құлат шыдаймын, талдан құлат,
Жайнамаздан бірақ та құлатпа,Алла!

Сақтағайсың шығудан қарсы көпке,
Сауап тірлік жасауды таңсық етпе.
...Білектегі күшімді азайт мейлі,
Жүректегі иманды әлсіретпе!

04.11.2015
Вернуться назад