DataLife Engine / Жандарбек Жұман (Туған күніңмен...)

Жандарбек Жұман (Туған күніңмен...)

Өмір сені мұңайтып, жылатпасын,
Жүрегіңде жүрегім тұрақтасын.
Бүгіннен бастап,жаным, "он сегізден",
Үш-ақ жылға небәрі жырақтасын.

Тоқтамайды өмірдің сағаттары,ә,
Көңіліңе жүрмесін тарап нала.
Жи-ыр-ма бір жас деген-он сегіздей,
Өзгерісі көп емес, сәл-ақ қана.

Сенде,білем,сарқылмас ақыл барын,
Басың дауға қаламан шатылғанын.
Бүгін-гі осы туған күн арқасында,
Пенсияңа бір жылға жақындадың.

Біздер бірге боламыз түбі,гүлім,
Шын бақыты өзіңсің-қыр ұлының.
...Астанамен бірдей ед төл мерекең,
СҰЛУЛЫҚТЫҢ туылған күні бүгін.

Арусың ғой адымын анық басқан,
Жүрегіме жанарың жарық шашқан.
Менде ғана дәл сендей КҮЛЕГЕШ бар,
Жымиюдан жүре бер жалықпастан.

Жанарыңды жасырма күлімдеген,
Көздеріңнен аспанның күнін көрем.
Құттықтаймын,ЕНЕМНІҢ ЕРКЕ ҚЫЗЫ,
Төл мейрамың-ТУЫЛҒАН КҮНІҢМЕНЕН!
04.11.2015
Вернуться назад