DataLife Engine / Ғабиден Қожахмет (Тойға шақыру)

Ғабиден Қожахмет (Тойға шақыру)

Сезiм жолы сан мәрте сыналғанда,
Өмiр сыйын ұсынды бұларға да.
Бүгiн, мiне, қос ғашық қос аққу боп,
Сапар шектi бақытқа бiр арнада.

Шымылдығы шаттықтың түрілді де,
Естіртті ән ғып өмірдің үнін күле.
Қол ұстасқан қос ғашық сол әнді айтып,
Жарасыммен ортада бүгін, міне.

Оларға өмір той гүлін тақты мына,
Бағыт алды жұбайлар бақ қырына.
Кел, ендеше, куә бол, ағайын, дос,
Екi жастың бас қосқан шаттығына.
22.10.2015
Вернуться назад