DataLife Engine / Ғабиден Қожахмет (Екі жасқа тілек)

Ғабиден Қожахмет (Екі жасқа тілек)

Екі жасқа бақ жолына ұмтылған,
Бақыт тілеп әрдайым да күлсін таң.
Оларға әне ақ отаудың есігі
Қол бұлғап - ақ өмір атты тұр шыңнан.

Сол ақ отау бақ ырысқа кенелсін,
Іші, сырты арай нұрға бөленсін.
Ақ батаның шапағаты әрдайым,
Дари берер, ниет етсе, деген шын.

Екі жасқа сол ақ бата дарысын,
Ақ отауы болашақтың бағы шын.
Келешегі нұрлы жарық болсын деп,
Ашылып - ақ тұр оларға жолы шын.

Сол ақ жолдың қадірін шын ұға алсын,
Сол ақ жолға лайық боп тұра алсын.
Сол баянды бақ жолына куә боп,
Екі жастың әулеті әр кез қуансын!
10.11.2015
Вернуться назад