DataLife Engine / Жұмекен Нәжімеденов (Қошалақ)

Жұмекен Нәжімеденов (Қошалақ)

Жатырмысың, самалды сай, сырлы алап,
жусаныңнан сынап-шықтар сырғанап.
Құм-шағылдан өсіп шыққан шоқыңа,
жолаушыдай өте алмадым бір қарап.

Жыңғылыңды көлеңкелеп көз ілдім,
көз ілдім мен төсегінде сезімнің.
Саған тартқан өз ұлыңмын, өзіңмін:
тұла бойым тұтас құйған төзіммін!

Сен секілді мен де күнге күйіппін,
сен секілді жұпар жұттым, сүйіп гүл.
Сен секілді аласамын тап-тайпақ,
Сен секілді, таласамын — биікпін!

Уа, туған жер, сенде шың да, көл де жоқ,
ойым да жоқ сені өлеңмен "өңдемек".
Дәл өзіндей қарапайым болам мен, дәл өзіндей!
Маған, сірә, сол керек!
22.08.2015
Вернуться назад