DataLife Engine / Ғафу Қайырбеков (Мектебім)

Ғафу Қайырбеков (Мектебім)

Қолыма ұстап хат, қалам,
Балалық жүзбен сүйкімді.
Босағаңнан аттағам,
Бөліп тұңғыш ұйқымды.

Алғашқы бір жазуым,
Есімі қамқор көсемнің.
Жанымның тауып азығын,
Жарқырап, күліп өскенмін.

Балалық атты бір досты
Шығарып салдым партаңнан.
Жастығым маған гүл тосты,
Аялап қағып арқамнан.

Көрсем сені осы күн,
Түседі еске жаңарып,
Алғашқы сол жазуым,
Алғашқы дос - балалық!
18.08.2015
Вернуться назад