DataLife Engine / Ғафу Қайырбеков (Бөлектігің)

Ғафу Қайырбеков (Бөлектігің)

Бөлектігің,-
Көп жұлдыздың ішінде
Көзге бұрын ұшырасқан айдайсың,

Зеректігің
Сен тұрғанда алға кітап жаймайсың,

Сиректігің
Шатыр етіп, баяғыда бір түсіп,
Жер бетіне шығып қалған жайдайсың.

Өлме деймін
Өлмей жүрсің - ризамын,
Білем, бірақ, бір күн тілімді алмайсың!
18.08.2015
Вернуться назад