DataLife Engine / Ғафу Қайырбеков (Партизандар атымен)

Ғафу Қайырбеков (Партизандар атымен)

Көктемде жайып көлемін,
Кектей өтіп алапты,
Басып өзен кемерін
Су қаптайтын жан-жақты.

Биыл да сол әдеті
Су бұрқана тасыпты.
Салмақ болып бөгетті,
Халық күрес ашыпты.

«Күш атасын танымас»
Алыпты ел бұғаулап
Көніпті асау бағынбас,
Кете алмапты су аунап.

Бөгет салған сол тұста
Тұратын көп ағашы.
Қаза болған соғыста
Партизандар моласы.

Ел күшімен дөңгелеп
Су тынғанда тартып дем.
Аталыпты сол бөгет
Партизандар атымен.

Жылда толқын шұбалып
Құр пайдасыз кешетін.
Тұр егінді суарып
Ел ырысын шешетін.
17.08.2015
Вернуться назад