DataLife Engine / Ғафу Қайырбеков (Есепші)

Ғафу Қайырбеков (Есепші)

— Демей егін, мал қалды-ау
Жаның тыныш жай тауып.
Отырмысың, есен-сау
Көлеңкеде шот қағып.

— Рас, шотты мен қақтым.
Оның, құрбым, жоқ шамы!
Әр тасында сол шоттың
Маңдай терің моншағы.
17.08.2015
Вернуться назад