DataLife Engine / Ғабиден Қожахмет (Қастерлі тұлға - Мұғалім!)

Ғабиден Қожахмет (Қастерлі тұлға - Мұғалім!)

Білімнің ғана тиегі,
Мектебін жаны сүйеді.
Қарапайым мамандық -
Ұстаздық атты киелі.

Бойына жиған нұр ағын,
Білімнің жаққан шырағын.
Шәкіртімен көркейер
Қастерлі тұлға - Мұғалім!

Шәкіртке шуақ төгетін,
Жанына мейір егетін.
Еңбекпенен жалықпай,
Білімнің нәрін себетін.

Бойына жиған нұр ағын,
Білімнің жаққан шырағын.
Шәкіртімен көркейер
Қастерлі тұлға - Мұғалім!

Кешегі балаң түлегі,
Есінде мәңгі жүреді.
Кетсе де алыс өзінен,
Ұстаз боп қалар үнемі!
12.07.2015
Вернуться назад