DataLife Engine / Ерболат Қарақойшиев (Сеземін)

Ерболат Қарақойшиев (Сеземін)

Келедi менiң де кезегiм,
бiреулер жылатқан бұл жүрек,
табады жақын да өз емiн.

Маңайды,
бақылап өткiздiм әр айды,
жақында бiр ару жолығып,
гашықтық көзiмен қарайды.

Расында,
тап болам жақында жасынға,
мен жүрем сезiмге мас болып,
бақыттан айналып басым да.

Шапқылап,
сезiмiм сүйгендi нақтылап,
жүректiң тұсына әкелiп.
Құшақтап аламын қаттырақ.

Наз мәңгi,
көремiн маңдайға жазғанды.
Бiр ару келедi мен күткен.
Жақында... Аз қалды..
11.07.2015
Вернуться назад