DataLife Engine / Ерболат Қарақойшиев (Қай жүрекке лайықпын?)

Ерболат Қарақойшиев (Қай жүрекке лайықпын?)

Қай жүрекке лайықпын?
Қарсы алады от құшағын жайып кім?
Атырауда арулар көп,алайда,
Бір бикеші жолықпай жүр Жайықтың.

Қызғалдақ көп ғаламда,
Бірақ бір гүл бұйырмай тұр маған да.
Қай жер екен жолығатын жеріміз?
Жағалау ма? Аялдама? Алаң ба?

Қатты ауса да аңсарым,
Кезікпей тұр кутіп жүрмін қанша күн.
Мен күткен қыз кезіксе екен,кеш сайын.
Жағалауда жалғыз жүріп шаршадым.

Тұсап қап,
Жүрегімді бейтаныс қыз түсі аппақ,
Жолықса екен мен әйтпесе қашанғы,
Гитарамды отырамын құшақтап)))
**********

Көздеріндей киіктің
көрігіңе жанарымды ұйыттым
Күтпеген жер!Кезіксем ғой өзіңе
Мені мүлдем танымайтын сүйіктім

Керемет қой күн дейтін
кездесші деп білдіреді түн кейпін
жағалауда жалғызсырап жүрсің бе?
бейтаныс қыз есімімді білмейтін

Жана сезім төлдеген
Жүрегімде,тек ұйықтаған өлмеген
Қай жігіттің жанарында жатырсың?
белгісіз жан мулде мені кормеген

Ақтарып тұр аспан нұр
Сен белгісіз кездесуге жоспар құр
таныспай-ақ кетейікші қосылып,
бірін-бірі танымайтын қос тағдыр
02.07.2015
Вернуться назад