DataLife Engine / Ерболат Қарақойшиев (Кезінде осылай жазып ем өзіңе....)

Ерболат Қарақойшиев (Кезінде осылай жазып ем өзіңе....)

Қырда өскен қылтиып ерке гүл-ай,
Қылықтарды cанайын сендегі қай?
Тасуыма себеп боп ашуыма,
Тигісі кеп тұратын тентегім-ай.

Әдейілеп жасайсың бәрін де сен,
"Жарым"демей қайтеді "жаным"десең??
Ондайыңды қойсаңшы миымдағы,
Нерв талшықтарының қамын жесең.

Теріс жауап,теріс сөз,теріс қылық,
Астаpлаймыз көп сөзді жең ішті ғып.
Бір қырсыққа тап қылып бір қыpсықты
Бізді тағдыр қойған ғой "келістіріп"

Жынға тиіп жүретін жанды мүсін,
Өкпелегім келмейді мәңгі түсін,
Бірақ сенің бөлмеңе бара қалсам,
Маған ғана тиісу бар жұмысың.

Сөйлей-сөйлей кетірмей сөзден баға,
Ашуланғым келмейді төзген cана,
Еркекпін ғой,еркекпін бәрін саған,
Түсіндіремін тек үнсіз көзбен ғана)))
07.07.2015
Вернуться назад