DataLife Engine / Ерболат Қарақойшиев (Жалғыз деген жармаспай қатал атқа....)

Ерболат Қарақойшиев (Жалғыз деген жармаспай қатал атқа....)

Жалғыз деген жармаспай қатал атқа
Сағат пен күн сағынып қатар апта
Бал аршаның тәп-тәтті жемісіндей
Бар аңсарым ауып жүр махаббатқа

Жүрегімді жатқызбай тұншығумен,
Қалыс қалып бойында қымсыну кем
Тағдыр маған тартуын жасар болса
Танысқым да келіп жүр бір сұлумен

Тәтті жеміс табылар бау ішінен
Caф алтындай қазып ап тау ішінен,
Сол бикештің көз іліп күлкісімен
Таң aтырғым келеді дауысымен

Көздерімді көpкіне қанықтырып
Оны алғым келмейді қамықтырып
Керісінше, қуантам ұсыныспен
Неке Жүзік қолына салып тұрып

Өлеңім боп ол әлі өрілмеген
Тәтті бейнем...Ешкімге көрінбеген,
Жас-жұбайлар вальсін билесем ғой
Көптен күткен тойымның төрінде мен

Арман....Адам арманнан құр қала ма?
Аpманым көп қысқасы бұл қалада
Жары болғым келіп жүр бір әйелдің
Әке болғым келіп жүр бір балаға....
01.07.2015
Вернуться назад