DataLife Engine / 6 Шілде - Астана күні (Астана дүниенің кіндігі болады әлі!)

6 Шілде - Астана күні (Астана дүниенің кіндігі болады әлі!)

Кейбіреулер қазақты көре алмайды.
Кей кезде қазақтар өзін өзі табалайды!
Сондайлар жиылып ап, ай-шулайды:
«Қазақтар мемлекет құра алмайды,
Қазақтар жаңа астана сала алмайды,
Білімі жоқ, бостан босқа айқайлайды».

Естіген соң осы сөзді, ұлты жайлы,
Елбасы намыстанып ұрандады!
Қасына ұландарын жиып алды.
Қазақтың кең даласын шолып келді.
Елін, жұртын бажайлап, сынап келді.
Жағыдайды көзімен көріп келді.
Еркіндікті әрқашан аңсап жүрген,
Ұлтының күштілігін сезіп білді.
Қиындыққа ешқашан мойымайтын,
Халқының қасиетін анық білді.
Қазақ ұрпағының болашағын,
Келешегін біліммен көріп білді.

Елбасы белін енді бекем буды.
Қазақты ынтымаққа шақырды енді.
Қазақты жиып алып жеке ел қылды.
Қазақты ұйым қылып, мемлекет құрды.
Жер-жерде жарқыратып қала салды.
Аңсалған бұрынғы, заманнан бағзы,
Бабалар армандарын орындады!

Елбасы кемеңгер, көріпкелді!
Ақылмен, болашақты болжап білді.
Алтындай Сарыарқаның ортасынан,
Есілдің гүл жайнаған жағасынан,
Нұрланған болат қазық тұрақ көрді!
Өшпейтін сәулесі бар шырақ көрді!
Бас қала болатұғын мекен көрді!
Елорда бой көтерер жерді көрді!
Ақорда тұратұғын стан көрді!
Бәйтерек, асыл тұқым ағаш көрді!
Ұл мен қызы ақылды Қазақ көрді!
Бірлігі берік, мықты ұлтын көрді!
Ынтымағы жарасқан елін көрді!
Ұрпағы ойшыл, білімді халқын көрді!
Жастары бақытты жұртын көрді!
Сол жастар мініп жүрген пырақ көрді!
Сол жастар қол жеткізген байлық көрді!
Ағы мол, жолы хақ бұл қаланың,
Астана боларына кәміл сенді!

Елбасы асар қылып, ел шақырды,
Құдайым, халық қолдап қала салды.
Дүниеде теңдесі жоқ құрылыс болды.
Астанасы, Қазақтың елордасы
Әлемдік деңгейдегі қала болды.

Астана күннен күнге құлпырады.
Ортасында «Бәйтерегі» алтын шарлы.
Шатырлардың шатыры «Хан Шатыры»,
Көргенді әлемдегі таң қылады.
«Нұр жолында» қасиетті нұр шашады,
Елбасының киелі Ақордасы.
Әлемдегі дінменен, халықтарды,
Бейбітшілік, келісімге ақ сарайы,
«Пирамида» Қазақтың шақырады.
Күн көзінде шарықтап жарқырайды,
Алтын құс – «Қазақ елі» самұрығы.
Күмбезінде сарайлардың қалықтайды,
Желбіреп Қазақ туы, көк байрағы.

Астана күннен күнге құлпырады.
Елорда айдан айға жаңғырады.
Бас қала жылдан жылға дамиды әлі.
Небір керім Қазақтың сарайлары,
Үйлері, ғимарат, пәтерлері,
Астанада әлі талай салынады.
Жандарды таң-тамаша қылады әлі.
Керемет Астана сарайлары,
Бауменен, бақшалары,
Көшелері, мекенжайлары
Адамзаттың игілігі болады әлі.
Қазақтың білімді ұрпақтары,
Астанасын Қазақтың, бас қаласын,
Дүниенің кіндігі қылады әлі!

Сөзі: Б.Р. Кенішбаев
04.07.2015
Вернуться назад