DataLife Engine / Бақыт Бұқарбек (Қарлығаш)

Бақыт Бұқарбек (Қарлығаш)

Айыр құйрық, ақ көңіл, адал құсым,
Жеттің бе туған жерге, аманбысың?!

Біз жолықтық салдық та араға қыс,
Айналайын, қарлығаш – қара ала құс!

Жем іздеп, дала кездің, қия шалдың,
Босағаға берік қып ұя салдың,

Өзіңе құмар бала, құштар мекен.
Самғаудан саған жетер құс бар ма екен?!

Ұшып ең едел-жедел, жер бауырлап,
Қара бұлт көкжиекке келді ауырлап.

Қонбай-ақ, су ұрттайсың көл бетінен,
Кербездік көрем дене-келбетіңнен.
25.06.2015
Вернуться назад