DataLife Engine / Ана тілім

Ана тілім

Ана тілім, дана тілім ол менің,
Сол арқылы суреттеймін шежіренің өрнегін.
Дағдарысқа ұшыраса ол егер
Онда менің сол мезетте демім тоқтап , өлгенім!

Ғасырлардың қойнауынан сыр тартқан,
Ана тілім – таусылмайтын жыр, дастан.
Ана тілім – салт-дәстүрім ол менің
Ұрпақтардан ұрпақтарға жалғасқан!

Ақ сүтімен дарыған тілім менің,
Ана тілде дәріптеп білім бердің.
Тілімізді сақтасақ сары алтындай
Бірі болып кетерміз ірі елдің.

Ана тілім ардағым , барым да сен,
Ар-ұятым , намысым , арым да сен.
Тарихымды танытар өзің болсаң,
Бойымдағы күш-қуат , дарым да сен.

Бақытты кез , балалық шағымызда,
Тәуелсіздік келіп тұр бағымызға.
Басқа тілді білейік , қастерлейік,
Өз тіліміз түспесін тағымыздан.
21.06.2015
Вернуться назад