DataLife Engine / Көршінің қызы

Көршінің қызы

Агенттің сырын әр кім білетін,
Талайлар уақыт бөлетін.
Осында сұлу бір қыз жүретін,
Тұйықтау еді неге тым.

Агенттің қызы керемет еді,
Суретін де оның сақтағам.
Агенттен бірақ неге кетеді,
"Мой мир" ма оған жақпаған.

Еске алам өткен күндерді енді,
Хат алып басқа достардан.
Сол қыздың жайын кімдер біледі,
Есімі Я-дан басталған.

Агенттің қызы керемет еді,
Суретін де оның сақтағам.
Агенттен бірақ неге кетеді,
"Мой мир" ма оған жақпаған.

Жариялаған: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
03.06.2015
Вернуться назад