DataLife Engine / Әбділда Тәжібаев (Алатау)

Әбділда Тәжібаев (Алатау)

Ұқпаймын тілін теңіздің,
Таныған жоқпын тереңін.
Білмеймін сырын толқынның,
Білмеймін сырын кеменің!
Сүйемін туған тауымды,
Тәкаппар оның тұлғасын,
Бөгеген тентек дауылды,
Бүкпеген тізе мың ғасыр.
Киініп сауыт көк мұздан,
Жамылған қардан желеңін,
Ұшырып бүркіт шың, құздан,
Жаттатқан маған өлеңін.
Жатсам түнде дамылдап
Күзетімде ол тұр менің.
Тілегендей сыбырлап,
Тірлігімді бір менің.
Пердесін түннің ысырыіт,
Тұрғызады ол - таңды да,
Көтеріп күнді ұсынып,
Тартады менің алдыма!
31.05.2015
Вернуться назад