DataLife Engine / Әбділда Тәжібаев (Алыстан хат)

Әбділда Тәжібаев (Алыстан хат)

Сезсең кейде соққан жылы
Жаздың жанға жайлы лебін,
Жат көрме, ол аңсап сені
Ақырын менің алған демім.
Сыбырласса көк жапырақтар.
Тілдескендей қоңыр желмен -
Тыңда да сен, сыр алып қал
Сыбырлаушы онда да мен.
Терезеңнің әйнегінен
Ай қараса айдын көктен,
Мен де қарап тұрмын бірге
Ойлан, гүлім, ұйықтап кетпе.
31.05.2015
Вернуться назад