DataLife Engine / Әбділда Тәжібаев (Көктем)

Әбділда Тәжібаев (Көктем)

Көтеріп күннің от лебін,
Көгімнен түсті көктемім.
Жылыта келді елімді,
Жібіте таудың бөктерін.

Көтеріп күннің от лебін,
Көгерте күнгей шөптерін,
Шулатып аққу, қаздарын
Көліме қонды көктемім.

Көтеріп күннің от лебін,
Әндете жетті көктемім.
Соқасын сүйреп шықты да,
Даламда байтақ, екті егін.

Бақшама кірді - гүл берді,
Кеудеме кірді - жыр берді.
Жаңбырмен жуып тазартты
Кірлеген қыстай үйлерді.

Әзірлеп спорт алаңын,
Ажарын ашты қаланың.
Қадады мықтап биікке
Футболдың жаңа жалауын.
31.05.2015
Вернуться назад