DataLife Engine / Шәңгерей Бөкеев (Таудағы тас ұядан)

Шәңгерей Бөкеев (Таудағы тас ұядан)

Таудағы тас ұядан
Лашындай сарыққан қиядан,
Шалқып сөзім шығады,
Ойласам, пікір - қиялдан.
Аспалап қиял кетеді,
Шыққан оқтай жаядан.
Жасындай барып жалт етіп,
Көк қақпасын ашады.
Жарығына алданып,
Дидарға қадам басады.
Мойынға алсам, бұл қиял
Аулақ емес кінәдан.
«Кімсің?» деп біреу сұраса,
Өзім болып «Мен!» дегін,
«Мен» деген кетсе дүниеден,
Өзім болып «менмін» деп,
Жауап берер қай адам?!
«Менмін» деген - сол менмін,
Жалпылама, алаш, әр заман.
Қиямет, мақшар күн туса,
Өзім қайта «мен» болып,
Мен болармын қайтадан.
Қайтадан жаным - қайта адам.
«Бұл сөзің қалай?» десеңіз,
Әуелінде бар болып,
Ақырында жоқ болмақ -
Шариғатқа қилап заң.
«Мизан» «сират» құрулы,
Өзіңе аян, бір Алла,
Ілгері басар әр қадам.
29.04.2015
Вернуться назад