DataLife Engine / Шәңгерей Бөкеев (Ғылым)

Шәңгерей Бөкеев (Ғылым)

Оқысаң ғылым қорын білім асар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.
Мас болған біліміне кейбір жастар,
Жерлерге аяқ жетпес аяқ басар.
Апыр-ай, кімге аян бұл жиһанның
Белгісіз ұлылығы - асқар-асқар!?
29.04.2015
Вернуться назад