DataLife Engine / Гүлнар Салықбай (Нұр-жауынның толастамай легі...)

Гүлнар Салықбай (Нұр-жауынның толастамай легі...)

Нұр-жауынның толастамай легі,
Шу қалада қандай қызық адасу!
Қараңғыда жарық төгер реңі
Қандай қызық телефонмен жарасу!

Жолыққандай қыс ішінен бір көктем,
Қараңғыда қағаз бенен қаламсыз,
Қандай қызық телефонға сыр төккен
Ағыл-тегіл, алаңсыз...

Аспан түстес алақандай тақтаға
Әппақ жолдар тізіледі табанда.
Рақмет, жыр жазуға шақ қана
Телефонды ойлап тапқан адамға!

Құлан-таза жазылғандай қотырдан,
Оған бақыт әкелгендей бұл ай сәл.
Телефонға өлең жазып отырған
Біреу көрсең, хал-жағдайын сұрай сал...
15.10.2015
Вернуться назад