DataLife Engine / Гүлнар Салықбай (Тереземнің ағарып ар жағы әлі...)

Гүлнар Салықбай (Тереземнің ағарып ар жағы әлі...)

Тереземнің ағарып ар жағы әлі
Бүгін тағы түсімде қар жауады...

Қармен бірге қалықтап, ұшып жүрем,
Ұшып жүріп, көп жайды түсіндірем.

Терезелер жанымды ұғар ма екен...
Шынымды айтсам, шытынап, сынар ма екен?!

Арындаған ауыздай сандырақтап,
Ән салсам ба ең биік тауды мақтап...

Қармен бірге мен дағы қонар ма екем,
Қара жерде қалтырап, тоңар ма екем...

Табандарға көрініп ақ қар бөтен,
Қаршылдатып, қағынып, таптар ма екен?!

... Тереземнің қап-қара ар жағы әлі –
Бәлкім бүгін түсімде қар жауады...
28.04.2015
Вернуться назад