DataLife Engine / Гүлнар Салықбай (Асылдан қалған сарқындай...)

Гүлнар Салықбай (Асылдан қалған сарқындай...)

Асылдан қалған сарқындай,
Құмар боп қара құлыпқа,
Батпаққа тамған алтындай
Күн батып кетті бұлтқа.

Көруден жерді қажалған
Көздерін жұмып, жұбанып.
Қалыңнан қашып сазы алуан,
Қайтадан жатыр құралып...

Демалыс алды күн бүгін
Айласын елден асырып.
Айтылмай кетер шындығын
Алысқа жатыр жасырып...
28.04.2015
Вернуться назад