DataLife Engine / Гүлнар Салықбай (Жығылды көзім...)

Гүлнар Салықбай (Жығылды көзім...)

Жығылды көзім –
нұр күткен,
Соқпағым мынау –
ілбіткен...
Құлады басым құлазыған кеудеме
тірліктен.

Суындым –
қаңтардың қара тасындай,
Күлкім –
сараңның құйған асындай.
Үзілді адасқан ойларым
құлдың құнсыз басындай.

Білдім
тірліктің түпсіз қуысын,
Күлдім
күлмеңдегенге күні үшін.
Тұрмын
Тұрақсыз құмның үстінде,
Әй, құрысын...

Қалдым
шашудай жерде шашырап.
Өмір –
тастан да гөрі тасырақ...
Ырсылда пайда қуалап,
Бәрің бір қулық асырап...
28.04.2015
Вернуться назад