DataLife Engine / Гүлнар Салықбай (Табылмаса, табылмасын керегім)

Гүлнар Салықбай (Табылмаса, табылмасын керегім)

Табылмаса, табылмасын керегім,
Қандай қызық жоғалғанды іздемек!
«Мен бәрібір бақыттымын!» деп едім,
Құстар айтты: «Бақыттымыз біз де» деп...

Орындалмай қойсын мейлі ойдағым,
Отырайын өзіме өзім күлкім кеп.
Гүлдер тойлап алды дағы тойларын,
Содан кейін өліп жатты біртіндеп...
27.04.2015
Вернуться назад