DataLife Engine / Гүлнар Салықбай (Төрт жағымнан сені ғана көремін...)

Гүлнар Салықбай (Төрт жағымнан сені ғана көремін...)

Төрт жағымнан сені ғана көремін,
Көремін де ұмытамын сор елін.
Саясына жұрт тығылған терегім,
Қысқа күнде қырық құбылған керегім...

Мына күнде сүйер мендей кімді кім?
Сендей жарық ете алады түнді кім...
Сен дегенде шөлге айналар ындыным,
өтірікті көп айтатын Шындығым.

Сен көрінсең, қуанышта өлшем жоқ,
Ұраным да, жыр-әнім де сен, сен боп.
Бақыттымын,
Ал, сен кімсің?
Білмеймін.
Армандаймын соны білмей өлсем деп.
27.04.2015
Вернуться назад