DataLife Engine / Гүлнар Салықбай (Сіңіріп жерден жылу, көктен көрік...)

Гүлнар Салықбай (Сіңіріп жерден жылу, көктен көрік...)

Сіңіріп жерден жылу, көктен көрік,
Табылмай көңіліме жеткен көлік.
Кеудеме қараторғай ұя салса,
Жем беріп, асырадың көктем болып.

Сөздері сөз ғана емес,
Саз сияқты.
өзіңсіз жердің беті таз сияқты.
Жайқалттың, жасандырдың, жарылқадың
Жалғанға жақсы қонақ – жаз сияқты.

Жапырақ қашқан қала түз сияқты,
Естегім – ертең қатар мұз сияқты.
Қайырымсыз қара жел боп сабаладың
Қарғалар ғана қалған күз сияқты.

Жақсы кез жаныңды арбар түс сияқты,
Жылыны жаны сүйер құс сияқты.
Болмасын аяғы жоқ іс сияқты –
Қатырсаң, қатыра ғой қыс сияқты...
31.05.2015
Вернуться назад