DataLife Engine / Гүлнар Салықбай (Өмірім жұрт білмейтін ән сияқты...)

Гүлнар Салықбай (Өмірім жұрт білмейтін ән сияқты...)

Өмірім жұрт білмейтін ән сияқты
Ешқашан айта алмайтын.
Жақсының бір күлгені таң сияқты –
Көзсізге байқалмайтын.
Реніш айнадағы шаң сияқты
Бетіңді жауып тұрған.
Жүрегім кеудемдегі хан сияқты –
Кей кезде жалықтырған.
Өлеңім қып-қызыл бір қан сияқты
Жанымнан тамып тұрған...
27.04.2015
Вернуться назад