DataLife Engine / Поль Элюар (Ғашығым)

Поль Элюар (Ғашығым)

Келді де қабаққа жайғасты,
Бұрымың шашыммен шайқасты,
Саусағың қолыммен айқасты,
Көзіме көзің сап ойқасты,
Көлеңкең көлеңкем боп кетті
Еске сап
Тұңғиық тереңге
Шолп етіп жоғалған сол тасты.

Көздерің жұмылмай жатады,
Сол қылық ұйықтатпай матады.
Тал түсте қиялға батады,
Айтатын ештеңем жоқ болсын
Сөйлеймін, күлемін, жылаймын
Себепсіз ішегім қатады.

Аударған Танакөз Толқынқызы
26.04.2015
Вернуться назад