DataLife Engine / Танакөз Толқынқызы (Кеудем неге сөйлеп тұр төгіліп күй?)

Танакөз Толқынқызы (Кеудем неге сөйлеп тұр төгіліп күй?)

Кеудем неге сөйлеп тұр төгіліп күй?
Үздіктірген бұл неткен еңілік күй?
Еркелеймін. Күлемін. Ынтығамын.
Сүйер болсаң, дәл мендей егіліп сүй!

Өртеніп сүй. Өзіңді жағып жібер!
Тамшы біткен қамығып ағып жүдер.
Бір бума гүл сыйлап кет іңкәрліктен
Тұмар қылып кеудемде тағып жүрер.

Алау жанар жел болып тисең егер,
Арманым не отыңа күйсем егер?
Күлім көкке ұшса да ештеңе етпес,
Таусылып сүй, сен мені сүйсең егер!

***

Сен кетесің. Кетер бірге жел сөз де!
Жалғыз досым жел қалады ел кезбе...

Сен кетесің. Күндеуші де жоғалар...
Күн қалады тек шуағы ғана бар.

Сен кетесің. Өмір кетер ілесіп.
Өлең қалар өмір үшін күресіп...

Сен кетесің. Мән кетеді тағдырдан
Мән кетеді Желден,
Күннен,
Жаңбырдан...
26.04.2015
Вернуться назад